АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америкаға аттаныпты. Оның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің инстаграмдағы парақшасында "Бұйыртса, жақсы жаңалық күтіңіздер" деген жазба қалдырыпты. Күтеміз. Бірақ, шыны керек, қазір Қанатқа байланысты аңдатпаларға бұрынғыдай елеңдемейтін болдық, деп жазды diamondring.kz.
Егер сол кезде шаршы алаңға шығып, жеңіске жеткенде онда бірінші орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуден басты үміткер болар еді. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жекпе-жек аяқсыз қалды. Америкалықтар ашық айтты. Бас тартқан Қанат Исламның командасы деп мәлімдеме жасауды да ұмытқан жоқ. Ал әшейінде боксшысына байланысты кез келген жаңалыққа жауап жазатын Исламның командасы бұл жолы үнсіз қалуды жөн көрді. Соған қарағанда, бар гәп расымен де біз жақта сияқты. Ал Джон Вера ше? Қашанғы күтіп жүрсін, кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның 11-інде қарсыласын нокаутқа түсірген Вера наурыздың 24-інде франциялық Мишель Сороға (31-2-1, 30 КО) қарсы шаршы алаңға шығатын болды. Қай жеңгені чемпиондық белбеуден басты үміткер атанады.
Бір қызығы, Джон Вераға қатысты ешнәрсе айтпаған Исламның командасы қаңтар айының соңында ІВF чемпионы Джарретт Хердпен төбелесуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Алайда, Херд 7 сәуірде Қанат армандаған Эрисланди Ларамен айқасады. Бұл ресми тіркелген дата.
Иә, байқағандарыңыздай, чемпиондық айқастарға шығатын уақыты баяғыда жеткенімен әзірге Қанат Ислам командасының ісінен сөзі көп болып тұр. Шаршы алаңдағы жарқын жеңістерінен инстаграмдағы жарқын жазбалары эффектке ие. Бірақ, қашанғы Inter-Continental белбеулерін арқалап жүре бермек, оның да Головкиннің деңгейіне, кем дегенде Жақияновтың дәрежесіне жететін уақыты болды ғой. Жасы да 33-тен асты. Енді қашан?