Спорт

Қанат Ислам Астанада тағы бір жекпе-жек өткізеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бокс кешін ұйымдастыруға қатысты келіссөз жұмыстары басталды

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі жылы елордада тағы бір бокс кешін өткізеді. Бұл туралы боксшының PR менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды – Оразұлы

"Қанат Ислам Астанада тағы бір бокс кешін өткізеді. Team QAZAQ Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты елордада үлкен кәсіпқой бокс кешін өткізбек. Келіссөз жұмыстары басталды. Бокс кеші 2018 жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам жұдырықтасады. Қанат Исламнан бөлек бұл бокс кешінде көк туды желбіретіп жүрген елімізге танымал қазақстандық боксшылар да өз өнерін ортаға салады", — деп жазды Сұлтан. 

Оның айтуынша, Қанат Ислам желтоқсан айының соңында АҚШ-қа аттанады. Команда жоспары бойынша QAZAQ Астанадағы бокс кешінің алдында Америкада бір жекпе-жек өткізеді.

Жаңалықтар
0