Қоғам

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды – Оразұлы

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытайдағы қандастарымыз тарихи отаны Қазақстанға барғаны үшін қудаланып, тергеуге алынуда

АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қытайда боксшы Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге кетті. Бұл туралы бүгін Астанада Қытайдағы қазақтардың заңсыз қудалануына қатысты өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түсті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түсті
"Білесіздер, бізде Қанат Ислам деген боксшы ағамыз бар. Қазақстанның шашбауын көтеріп, әлемге танытып жүр. Сол бауырымыз Қытайдан келген. Боксшының Алматыда болған жекпе-жегін интернеттен, теледидардан қолдаушылардың бәрі түрмеге кетті. Бұл туралы сайттарда да, журналдарда да жазылды. Одан кейін Бекболат ағамыз (Тілеухан – ред.ескертп.) бар, сол кісімен суретке түсіп, шығармаларын, әндерін жолдаған азаматтарды соттап жатыр. Жалпы, Қазақстандағы танымал адамдарды көрген, олармен суретке түскен, оларды жарнамалағандарды түрмеге қамауда", — деген Оразұлы Димашқа қатысты ақпарат келіп түспегенін айтты. 

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түскенін хабарлаған едік.


Жаңалықтар
0