Қоғам

Түркияда кішкентай қызы бар қазақстандық әйел қиын жағдайға тап болған

CC0 / / Балалы әйел
Балалы әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматшасы мен екі жастағы қызы Түркиядан баланы алып кетуге тыйым салынғандықтан елге орала алмапты

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Дипломаттар кішкентай қызы бар қазақстандық әйелге Түркиядан елге оралуға көмектесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Түркияның жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Түркияда 21 жастағы қазақстандық қызды көлік қағып кетті

Оның мәліметінше, биыл 1 ақпанда Қазақстанның Стамбулдағы бас консулдығына Қазақстан азаматы Виктория Мозговая көмек сұрап хабарласқан. Оның айтуынша, 1 жас 10 айға толған Айлин есімді кішкентай қызы мен екеуіне Стамбулда тұрып жатқан үйінде қауіп төнген. Әйел адам қызымен бірге елге оралуға жәрдемдесуді сұрапты.  

"Дипломаттар сол күні оларды алып кетіп, әуежайға шығарып салды. Бірақ әуежайда жергілікті сот Түркия азаматының арызы бойынша баланы елден алып кетуге уақытша тыйым салғаны белгілі болды", — дейді Жайнақов тілшілерге.

Қазақстандық дипломаттар әйелді қызымен бірге қонақ үйге орналастырып, хабарласып тұруы үшін ұялы телефон берген. Кейін отбасылық істер бойынша сотқа өтініш жазған.

Дипломаттар баланы елден алып кетуге уақытша тыйым салу мәселесін тез арада шешуді сұрапты. 

"Осы уақыт бойы дипломаттар біздің азаматтарымызбен үнемі байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп тұрды, сонымен бірге түрік әріптестерімізбен кеңесіп отырған. Кеше Стамбулдың отбасылық істер бойынша соты Айлиннің елден кетуіне салынған тыйымды алып тастау туралы қаулы шығарып, арыз беруші сұраған ДНҚ сынағының нәтижесін күтпей, баланың барлық заңды құқығы мен мүддесін анасына тапсырды", — деп сөзін аяқтады баспасөз қызметінің басшысы.

Жаңалықтар
0