Өңірлер

ОҚО-да қарақшы 6 және 12 жастағы балаларды талдырып кеткен

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayҚарақшы
Қарақшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданып, үйіне белгісіз тұлғалар баса-көктеп кіріп, қарақшылық шабуыл жасағанын хабарлаған, деп жазды Otyrar.kz.

Кісі өлімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте бір отбасыны қырып салған қанішер баланы да аямаған
Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер белгісіз тұлғаның тұрғын үйге баса көктеп кіріп, үйдің ішінде болған кәмелет жасқа толмаған 6 және 12 жас шамасындағы балалардың аяқ-қолдарын матамен байлап, мойнынан қылқындырып талдырып, алтын бұйымдарын алып кеткендігін анықтады. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгені құрап отыр.

Ордабасы АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің 20-25 жас шамасындағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мәліметінше, аталған жайт негізінде қарақшылық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Жаңалықтар
0