Қоғам

Депутат: балаларға жыныстық қатынасқа қалай түсуді емес, отанды сүюді үйрету керек

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМектеп оқушысы
Мектеп оқушысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттың пікірінше, "Дінтану негіздері" пәнінің мазмұнын өзгертіп, өзекті мәселелерді енгізу керек

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл оқушыларға "Дінтану негіздері" пәні арқылы оқушыларды отанды сүюге, ұстазды құрметтеуге, зиян әдеттерден аулақ болуға баулу керек деп есептейді. Бұл туралы ол мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланған отырыста айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық әлімжеттік көрсеткен бозбала ақталды
"Тоғызыншы сыныпта оқытылатын "Дінтану негіздері" деген факультативтік пән бар. Соның ішінде 46 тақырып бар екен. Оның 16-сы ғана ислам туралы айтады. Ресейдің "православ мәдениетінің негіздері" деген мектептегі пәні төртінші сыныптан бастап оқытылады екен. Оның ішіндегі 17 курстың бәрі өз діні бойынша өзекті болып саналады. Біздің балаларымыз радикалдық көзқарасқа ұрынбауы үшін бабаларымыздың асыл дінін жақсылап үйрету біздің парызымыз. Мұны айтып отырғанымыз, қазіргі оқулықтың өзінің өзектілігінен айырылып қалуы болып отыр. Діни терроризм мен экстремизммен күресудің негізгі жолы халықты жаппай сауаттандыру десек, осы пәннің ішіндегі тақырыптардың мазмұнын өзгертіп, жаңаша өзекті мәселелерге мән берген жөн", — деді Бақытбек Смағұл. 

Депутаттың айтуынша, осы пән арқылы өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік-рухани  қасиеттерді тәрбиелеуге болады. 

"Оның ішінде отанға деген махаббат, ұстазға деген құрмет, қыз балаға деген құрмет, оның арын қорғау, нашақорлықтың зияны — осылардың барлығын бұл пәннің ішінде ескеруге тиіспіз. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқытып жатқан неше түрлі "жынысқтық қатынасты қалай жасау керек", "мүшеқапты қалай кию керек" деген сияқты дүниелерді үйреткенше, керісінше отанды қалай сүю керек екенін оқытқан дұрыс деп ойлаймын",  — деді депутат.

500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы өсірілмек
Өз кезегінде білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов бұл жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын алға тартты. 

"Рухани жаңғыру бағдарламасы біз үшін өте үлкен бағдарлама. Мектепте рухани жаңғыруда айтылған құндылықтарды енгізіп, бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Әрине, отанды, туған өлкені сүю мәселесі бүгін қолға алынды. Нақты айтатын болсақ, киелі жерлерге бару, мұражайларда сабақ өткізу осы жұмыстың бір бөлігі ғана. Жалпы, бұл мәселені министрлік кешенді түрде қолға алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыт бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз", — деді вице-министр.

Жаңалықтар
0