Қоғам

"Бичпакеттің" неден жасалатынын білесіз бе?

CC0 / / Кеспе дайындау
Кеспе дайындау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жылдам пісетін кеспе, әсіресе, балаларға, қарттар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Осы күні пойызға міне қалсаңыз, екі қазақтың бірі жылдам пісетін кеспе жеп отырғанын көресіз. Тіпті ол балалардың да сүйікті асына айналып кеткен. Оның денсаулыққа зияны туралы ойлайтындар кемде-кем. Тағамның бұл түрі аш қарынды тойдыруы мүмкін, бірақ ағзаға ешқандай пайдасы жоқ. Бүгін біз TakProsto.cc интернет-журналының материалы негізінде жылдам пісетін кеспені неліктен жеуге болмайтынын жіліктеп айтамыз.      

1. Натрийдің мөлшері жоғары  

Ет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан
Жылдам пісетін кеспеге глутамат натрийі – дәмді күшейтуге арналған тағам қоспасы қосылады. Сондай-ақ гуанилат натрийі – дәм мен хош иісті күшейткіш,  инозинат натрийі – дәмді күшейткіш болады. Бұл компоненттердің бәрі гипертонияның, жүрек және бүйрек ауруларының даму тәуекелін арттырады. 

Мұндай кеспенің бір порциясында 800 мг-ден астам натрий болады екен, бұл күндізгі нормадан жарты есе көп. Глутамат натрийі ағзадағы сұйықтықты кідіртіп, бронх демікпесін қоздырады. Кей адамдардың басы ауырады.   

2. Маңызды нәрлі заттардың сіңуіне кедергі келтіреді  

Жылдам пісетін кеспе ағзаның өзге өнімдердегі нәрлі заттарды сіңіру қабілетіне ықпал етеді. Сондықтан, егер сен кеспеге тойып алып, бір-екі сағаттан кейін көкөніс немесе жеміс-жидек жесең, ағза сол өнімдегі нәрлі заттарды толығымен сіңіре алмайды. 

3. Пропиленгликоль және трет-бутилгидрохинон қосылады

Жылдам пісетін кеспенің құрамында темекі өнеркәсібі мен антифриз өндірісінде қолданылатын пропиленгликоль болады, бұл сұйықтық кеспенің текстурасын сақтау үшін қолданылады.  

Бұл тағам қоспасы қауіпсіз деп есептеледі, соған қарамастан ол ағзаға сіңіп, бауырда, бүйрек пен жүректе жиналып, осы органдарға зақым келтіруі мүмкін. Сондай-ақ кеспеде трет-бутилгидрохинон – лапшаның дәмдеуішін сақтайтын антиоксидант болады. Ол парфюмерияда, лак пен шайырды шығару кезінде де пайдаланылады.   

4. Қатерлі ісік тудыратын ингредиенттер қосылады 

Қытайда ең ұзын кеспе әзірленді - Sputnik Қазақстан
Видео
Жаңа рекорд: Қытайда ең ұзын кеспе әзірленді
Мұндай кеспенің құрамында атеросклероз (жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруы) мен қатерлі ісік тәуекелін арттыратын трансмайлар кездеседі.  

Түйіндей айтқанда, егер сіз жылдам пісетін кеспені жиі тұтынатын болсаңыз, сау басыңызға сақина тілеп алатыныңыз анық. Әсіресе мұндай тағам балаларға, қарттар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті.   "Ас – адамның арқауы" екенін естен шығармағайсыз.   


Жаңалықтар
0