Қоғам

Қазақстандықтар биыл ет пен картоп жеуді азайтқан

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЕт
Ет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ал жеміс-жидек, балық және жұмыртқа тұтыну көлемі, керісінше, артыпты

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан тұрғындары 2017 жылы ет пен картопты пайдалануды азайтты, деп хабарлайды FinProm.kz сарапшылары.

Ет мүшелеп, табақ тарта аламыз ба - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Ет мүшелеп, табақ тарта аламыз ба

Жалпы, қазақстандықтар биыл он негізгі өнім түрлерінің ішінде жетеуін көбірек тұтына бастаған. Дәлірек айтсақ, 3-ші тоқсандықта жеміс-жидекті былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8%-ға артық сатып алыпты. Ал жұмыртқа пайдалану көлемі 3,4%-ға, тәтті тағамдар — 2%-ға, нан тағамдары мен дәнді-дақылды өнімдер — 1,9%-ға, балық пен теңіз өнімдері — 0,7%-ға көбейген.

Бір қызығы, картоп тұтыну көлемі күрт азайып кеткен екен, яғни 2016 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға төмендеген. Сүт өнімдерін сатып алу көлемі 1%-ға, ет өнімдері — 0,5%-ға азайған.

Жаңалықтар
0