Қоғам

2016 жылғы терактіге қатысты Алмалы ІІБ басшысына қандай айып тағылды?

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу мәліметі бойынша, полиция басқармасының бұрынғы басшысы 2016 жылы террорист Күлекбаевтың шабуылына қарсы салғырттық танытқан

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы ауданында ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Болатовтың ісіне қатысты сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өмір бойына сотталған адам - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы теракт: лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Асқар Болатов пен оның қол астындағы екі қызметкер – Қайрат Аманжолов пен Сырым Баймендиевке қатысты қылмыстық іс Алматыда 2016 жылдың 18 шілдесінде болған теракт кезінде салғырттық танытып, дер кезінде қимылдамағаны үшін қозғалған.

Адвокат Таир Назханов қорғалушысы Асқар Болатовқа қандай айып тағылғанын түсіндірді.

"Сотқа дейінгі тергеулер мәліметінше, біріншіден, ол Алмалы АІІБ ғимаратын күзету барысында қызметкерлердің жүріп-тұру тәртібін бұзған әрі, екіншіден, үшінші қабаттан төртінші қабатқа көтерілген. Неге қимылсыздық танытты деп отыр? Өйткені ол осы әрекетімен террорист Күлекбаевтың ғимаратқа жасаған шабуылына белсенді қарсылық көрсеткен жоқ, сондай-ақ тойтарысты ұйымдастыра алмады", — деді ол.

Адвокат қызметі бойынша қимылсыздық танытудың жемқорлық әрекет екенін әрі пайда түсіруді көздейтінін алға тартып, қорғалушысына мұндай күдік келтірудің қисынсыз екенін айтты.

"Күлекбаев пен Болатовтың таныс емес екені белгілі  — бұл террорист Күлекбаевтың күтпеген жерден жасаған шабуылы. Алмалы АІІБ басшысы сол күні қызметтік міндетін орындаған, таңертең селекторлық жиналыс шақырып, қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметті күшейту керектігін айтты, өйткені мұның алдында Ақтөбеде шабуыл болған еді", — деді Таир Назханов Ақтөбедегі тура осындай істің тоқтатылып, ал бұл істің әлі жалғасып жатқанына таңғалып. 

"Болатов шабуыл кезінде үшінші қабатта өз бөлмесінде қарусыз болған. Қаруы болмаған соң төртінші қабатқа көтерілді, ол жерде қаруланған жедел тергеу тобы болды. Шабуылға тойтарыс беру үшін сонда көтерілген. Кабинетіне кіріп, ішкі істер департаменті басшылығына, прокуратураға, әкімдікке шабуыл туралы хабарлады. Гарнизонға шабуыл жасалғаны туралы ең бірінші хабар берген сол", — деп адвокат болған оқиғаның мән-жайын баяндады.

Руслан Күлекбаев сот залында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Күлекбаев өлім жазасы үкіміне шағым түсірмейді

Болатов пен Байнмендиевтің адвокаттары істің прокуратураға қайтарылып немесе қылмыстық істің мүлде тоқтатылуын сұрады.

Судья Маратәлі Бекназаров берілген өтініштерді қарау үшін жиналыс бөлмесіне кетіп қалды.  

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыда полицейлерге шабуыл жасалды. Салдарынан 10 адам қаза тапқан. Теракт ұйымдастырушы — Қызылорда облысының 26 жастағы тумасы Руслан Күлекбаев. Ол өлім жазасына кесілгенімен, Қазақстандағы мораторийға байланысты түрмеде отыр.

Жаңалықтар
0