Қоғам

Күлекбаев өлім жазасы үкіміне шағым түсірмейді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоРуслан Күлекбаев сот залында
Руслан Күлекбаев сот залында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Террорист Руслан Күлекбаевтың апелляциялық шағымнан бас тартуына салафизм ағымын ұстануы себеп болды.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Алматыда шілде айында 10 адамды өлтіргені үшін сәрсенбі күні өлім жазасына кесілген Руслан Күлекбаев апелляциялық шағым түсіруден бас тартты деп хабарлады сотталушының адвокаты Ғабит Құсайынов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Апелляциялық шағымнан бас тартуына дәстүрлі емес діни ағым "салафизмді" ұстануы себеп болды", — деді адвокат. 

Қарағанды облысы Долинка аулындағы қатаң режимді колония - Sputnik Қазақстан
Мемлекет кекшіл болмауы тиіс – Күлекбаев ісі туралы Жовтистің пікірі

18 шілде күні Күлекбаев Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

Күлекбаев сотта өзінің полицияның бірнеше қызметкері мен бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мойындап, жасаған әрекеттері үшін еш өкінбейтінін мәлімдеген. Ол кез келген жазаға дайын екендігін айтқан. Соңғы сөзінде ол құқық қорғау органдары азаптаған мұсылман бауырларымның кегін қайтардым деп есептейтінін мәлім еткен. 

Руслан Күлекбаев сот залында - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Күлекбаев өлім жазасына лайық па – депутаттар өз пікірін білдірді

2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторийді енгізу туралы" қаулыға қол қойған болатын. Қаулы өлім жазасының орындалуын тоқтатты, бірақ соттың өлім жазасына кесу туралы үкім шығаруына тыйым салмайды. Қазақстанда балама жаза ретінде 2004 жылдан бері өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізілген.

Жаңалықтар
0