Қоғам

Күлекбаев өлім жазасына лайық па – депутаттар өз пікірін білдірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоРуслан Күлекбаев сот залында
Руслан Күлекбаев сот залында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пікір білдіргендердің басым көпшілігі өлім жазасына кесілгені дұрыс деп санайды. Дегенмен мораторий жағдайында оны орындау қиынға соғатынын да жоққа шығармайды. Оның үстіне Қазақстан өлім жазасына кеспейтін отыз елдің ішіне кіруге ұмтылып отыр.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik.  Мәжіліс депутаттары Руслан Күлекбаевқа шығарылған өлім жазасы үкімі туралы пікірлерін білдірді.  

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі мәжіліс комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаев бұл үкімді әділетті деп санайды.

Түрме күзетшісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандағы мораторийден кейінгі өлім жазасы: ауыр жазаға кім кесілді

"Бұл өте ауыр террорлық қылмыс, сол себепті қылмыскер ең қатал жазаға лайықты. Бұл қылмысты ақтап алуға болмайды",- деді Әшімбаев сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысынан кейін. 

Мәжілістегі "Ақ жол" партиясы фракциясының басшысы, депутат Азат Перуашев "адами тұрғыдан" бұл жазаны құптайтынын айтты. 

Екінші жағынан, депутаттың пікірінше, өлім жазасы – мұндай ауыр қылмыстар үшін тым жеңіл болып табылады, одан гөрі жазасын өмір бойы  "қатал тәртіпте" өтесе, "дұрыс болар еді". 

"Коммунистік халық" партиясы фракциясының депутаты Айқын Қоңыров өлім жазасына мораторийдің алынбайтынын мәлімдеді. 

"Бұл біздің абыройымызды төмендетеді. Өйткені Қазақстан ЭЫДҰ отыздығына енуге талпынып отыр, ал бұл елдерде өлім жазасы мүлдем жоқ. Сол себепті  үкім шығарылғанымен, оны орындау біршама қиындық туғызады", — деді Қоңыров тілшілерге.  

Жаңалықтар
0