Өңірлер

Бауыржан Байбек Алматының білім басқармасы басшысын тағайындады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың білім басқармасының басшысы болып Гүлнәр Қожабергенова тағайындалды

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik.  Алматы қаласы әкімінің өкімімен білім басқармасының, тілдерді дамыту басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, мәдениет және мұрағаттар басқармасының жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы болып Гүлнәр Қожабергенова бекітілді. 

Бұрын білім басқармасының басшысы болған Рахат Шимашева енді Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік етеді. Өз кезегінде Мамай Ахетов қала әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұлардан өзге, мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы да ауысты. Бүгінгі күнге дейін Ханзада Есенова қалалық мәслихаттың депутаты болды, ұзақ жылдар бойы А. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры қызметін атқарған.

Бұрындары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Мейіржан Отыншиев тағайындалған еді. Ол түрлі жылдары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман, бөлім басшысы болып істеген, соңғы 3 жылда осы басқарма басшысының орынбасары болған.

Жаңалықтар
0