Қоғам

Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Есіл" ауданының әкімі болып Павлодар облысының бұрынғы басшысы тағайындалды

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Бүгін қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Астана қаласы "Есіл" ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада аудан әкімі қызметінен босатылды

"Есіл" ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылды.

"Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді", — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Жаңалықтар
0