АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев аппарат жиынында кадрлық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
ҚР Президенті әкімшілігіндегі мемлекеттік инспектор лауазымына тағайындалуына байланысты Ермағанбет Бөлекпаев Есіл ауданының әкімі қызметінен босатылды.
Қала әкімі Бөлекпаевқа атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жаңа лауазымында табысты болуын тіледі.
Өзінің жеке арызы бойынша Мұрат Аманшиев "109 кезекшілік қызметі" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметінен босатылды.
Әкім сонымен қатар "109 кезекшілік қызметі" ММ қайтадан құрылып, атауы "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" болып өзгергенін және директоры болып Жаннат Дубированың тағайындалғанын хабарлады.
"Бүгінде орталық өзінің жұмысын белсенді атқарып отыр, сол себепті барлық шағымдарға жедел әрекет жасау және түскен арыздарға мониторинг жүргізуді әрі қарай жалғастыруды тапсырамын", – деді Астана әкімі Әсет Исекешев.