Экономика

Сағынтаев Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді

© Photo : primeminister.kzүкімет отырысы
үкімет отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғызыншы ақпанда президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

АСТАНА, 10 ақпан— Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев министрге: мына жұмыстан шаршадың ба әлде?

Отырыс барысында қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, білім беру министрі Ерлан Сағадиевтің үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.

Сондай-ақ талқылауға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, премьер-министрдің орынбасарлары Өмірзақ Шөкеев, Ерболат Досаев, Асқар Жұмағалиев және "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Асқар Мырзахметов қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың әр басшысының жеке жауапкершілігін атап өтіп, нақты тапсырмалар берді.


Жаңалықтар
0