АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Мәдина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалғанға дейін Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды. Жаңа министр әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінде, премьер-министр кеңсесінде, президент әкімшілігінде еңбек етті. Экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. 40 жастағы Әбілқасымова 2014 жылдың тамызынан бүгінге күнге дейін ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет етті.