АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қытай полициясы кісі түрін танитын функциясы бар арнайы көзілдіріктер қолдана бастады. Ол қылмыскерді 100 миллисекундта анықтай алады, деп жазды centralasian.org.
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, полиция қызметкерлері жаңа технологияны бейнебақылау камералары орнатылмаған орындарда қолданады. Арнайы көзілдіріктердің көмегімен құқық қорғау қызметкерлері жеті қылмыскерді ұстап үлгерді. Бұған қоса полиция жалған құжат пайдаланған 26 адамды анықтаған.
Дегенмен мұндай технологияны қолдану адам құқығын қорғаушыларды алаңдатып отыр. Олар арнайы көзілдірікті диссиденттер мен аз ұлттарды қудалауға пайдалана ма деп алаңдайды.
Ресми статистика бойынша, Қытайда 170 миллионнан астам камера орнатылған. Аз ұлттарды қудалауда технологияны қолданғаны үшін Қытай билігі талай мәрте сынға ұшыраған.