АСТАНА, 8 ақпан— Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ақтөбенің ХҚКО-сында порноролик көрген ер адамның іс-әрекетіне қатысты түсініктеме берді.
"Видеодағы ер адамның іс-әрекеті бізді ашындырды. Мұндай жағдай қайталанатын болса, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз. Мемлекеттік корпорацияның мамандары ондай сайттарды бұғаттаумен айналысып жатыр", — деп хабарлады мемлекеттік корпорация.
Әу баста, өз-өзіне қызмет көрсету секторлары құрылған кезде келушілерге www.egov.kz порталына ғана кіруге мүмкіндік берілген. Алайда бұл қызмет алушыларға ыңғайсыз болған. Мысалы, электронды цифрлық қолтаңбаны алатын кезде адамдар алдымен үйден немесе кеңседен өтініш беріп, содан кейін ХҚКО-да оны растау керек болды.