АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Бақытжан Темірболат Президент әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", —еп жазылған хабарламада.
Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.