Саясат

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

© Photo : ZhambylnewsКәрім Көкірекбаев
Кәрім Көкірекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарланған Ақорданың ресми сайтында. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — деп хабарланған сайтта.

Ал осы уақытқа дейін көрші мемлекетте елші болған Айымдос Бозжігітов  Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. 

Айта кетсек, биыл қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Көкірекбаевты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатты. Ол облысты төрт жылдан астам басқарды. Оның орнына Асқар Мырзахметов тағайындалған болатын. 


Жаңалықтар
0