Өңірлер

Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуҚұқық қорғау органдарының қызметкері кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото
Құқық қорғау органдарының қызметкері кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлішер Тұрсынқұлов бастығыма пара тасыдым деген сөзін сотта дәлелдей алмаған

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы атышулы жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушісіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды TVK арнасы.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісенді шешіп жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Моңғолиядан келген қазақ полицейлерге көмектесемін деп сотталып кетті
Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері әрі қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов былтыр сәуір айында бастығының қылмыстарын тізбектеп ғаламторға шыққан еді. Ауызбастырық бергендерді ғана жұмысқа алады деп, ал арадағы делдал ретінде өзінің амалсыз ақша тасығанын айтып ұлттық қауіпсіздік комитетінен өзін және отбасын қорғауды сұраған. Бірақ содан кейін өзінің басы дауға қалды. Бас дәрігер бұл ақпаратты жоққа шығарып, бұрынғы жүргізушіне қарсы арызданды.

"Ол маған адамдарды алдап, сіздің атыңыздан жұмысқа орналастырамын деп ақша алдым деді. Тіпті сенің күнің осымен бітті деп, мені бопсалап, ақша талап етті. Мен жақ ашпадым. Бұл іске тергеушілерді қосқым келмеді", — дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова.

Сот отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында жұртты қан қақсатқан имам сотталып жатыр
Сөйтіп Тұрсынқұловтың өзіне "пара алу" және "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Өткен жылдың 29 желтоқсанында Еңбекші аудандық соты жүргізушіге қатысты үкім шығарды. Бастығыма тасыдым дегенін дәлелдей алмаған Әлішерге 8 жыл бас бостандығынан айыру, мүлігін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік мекемеде қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағылған еді. Алайда айыпталушы тарап сот шешімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде негізгі үкім өзгеріссіз қалғанымен, қосымша тағайындалған бірнеше жаза алынып тасталған.


Жаңалықтар
0