Қоғам

"Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының қысқаруы: әкімдік мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Болат Шайхинов"Абу Даби Плаза"
Абу Даби Плаза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде құрылыс алаңына 4 453 жұмысшы жұмылдырылған

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Астана қаласы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов "Абу-Даби Плаза" кешенінде құрылысшылар санының қысқаруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі

"Кеше 62 жұмысшы "бізді "Абу-Даби Плаза" құрылыс нысанына кіргізбей қойды" деп наразылық білдірді. Бүгінде құрылыс алаңына 4 453 адам жұмылдырылған. Оның 3 288-і – келісімшарт бойынша істейтін штаттағы қызметкерлер. Оның ішінде шетелдіктер – 2 428, қазақстандықтар – 860. Бұлар штаттағы құрылысшылар. Бұған қоса, нысанда 87 субмердігер (86 – қазақстандық, біреуі шетелдік) ұйым жұмыс істейді. 1 165 адам 87 субмердігер ұйымнан тартылған. Өздеріңіз көріп отырғандай, тепе-теңдік барлық жағдайда сақталып отыр", — деді Оспанов. 

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова "Абу-Даби Плазадағы" дауға қатысты түсініктеме берді

Басқарма басшысының айтуынша, жұмыссыз қалған құрылысшылар жұмыс көлемі бойынша істеп жатқандар, яғни штаттан тыс. 

"4 компанияның жұмыс көлемі аяқталуға тақап қалды, Абу-Даби Плаза субмердігер компанияларға бұл жайында алдын ала ескертті. 19 қаңтарда хабарлаған, ал олар кейін қарамағындағы жұмысшыларына ескертуі тиіс еді. Олар штаттағы қызметкерлер емес, көлем бойынша істеп жатқандар. Сондықтан қазақстандықтардың құқығы бұзылды ма, жоқ па нақты айту қиын. Арнайы топ құрдық, оның құрамына құқық қорғау органдары, "Нұр Отан" партиясының өкілдері енді. Тексеріс жүріп жатыр, барлық мәселені көтереміз, егер қажет болса, жұмыс тобы тергеу нәтижесінен сіздерді хабардар етеді", — деді ол.  

"Арабтек" өкілдерімен, 62 құрылысшының өкілдерімен кездесіп, сөйлестік. "Арабтек" те, жұмысшылар да, субмердігерлік ұйымдар да жағдайды түсініп отыр. Жанжал реттелді десек те болады", — деді Оспанов. 

Астанадағы Абу-Даби Плаза - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Кет дегенге кете салатын мал емеспіз – "Абу-Даби Плаза" жұмысшылары

Оның айтуынша, 2013 жылы құрылысы басталған нысан аяқталуға жақын. 2019 жылдың көктемінде тапсырылады деп жоспарланып отыр. 

Кешен бес корпустан тұрады. Оның төртеуі дайын. Тек ТМД-дағы ең биігі, технологиялық жағынан күрделі корпусы қалып отыр.

Еске салып өтсек, елордада салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшылары наразылыққа шықты. БАҚ-тың хабарлауынша, құрылыс алаңында істейтін 400-ге жуық адам бір күнде жұмыссыз қалған. Құрылыс компаниялары алдын ала ескертпей, өтемақы төлемейтінін де ашық айтқан көрінеді. 

Жаңалықтар
0