АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Астана денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде тараған суреттердің атышулы іске қатысы жоғын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен ер адам №2 қалалық ауруханада емделген. Медициналық мекемеде әлеуметтік желіде ер адамның суретін кім жариялағанын анықтау үшін ішкі қызметтік тергеу жүргізіпті.
"Қызметтік тергеудің нәтижесінде медиа-файлдардың, оның ішінде науқастың мүшесінің суреттері жоғарыда аталған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екені анықталды", — делінген хабарламада.
Қаңтардың соңында белгісіз біреулер интернетке сот қаулысының суретін шығарды. Бұл мәліметке сәйкес, 36 жастағы әйел қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастапты. Ол екі айға қамауға алынды.
Қазақстандық заңгер Олег Черновтың пікірінше, мұндай деректі жариялау заңға қайшы, кінәлілер жазалануы тиіс.