Қоғам

Жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел туралы ақпаратты кім таратты?

© Sputnik / Болат ШайхиновСот залы
Сот залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңгердің пайымдауынша, сот қаулысын қарауға алты-ақ адамның құқығы болған

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Заңгер Олег Чернов Астанада жыныс мүшесі кесілген ер адам туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, суреттер мен істің материалдары әлеуметтік желіге қалай түсуі мүмкін екенін айтты.

"WhatsApp мессенджерінде 36 жастағы әйелдің жігітінің жыныс мүшесін кесіп тастауы бойынша сот қаулысы тарап кетті. Ал енді осы жаңалықты құқықтық жағынан қарастырайық", — дейді Чернов Facebook парақшасында.

Қаулының кіріспе бөлімінде сотта алты адамның болғаны жазылған: судья, сот отырысының хатшысы, тергеуші, күдікті және күдіктінің адвокаты.

Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астаналық әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады

"Айта кеткеніміз жөн, тергеу сотының қаулысын ешкім оқи алмайды, яғни сот актілерінің банкінде де, "Сот кабинеті" АЖ-де де қаулылар жоқ. Яғни, жоғарыда аталған тұлғалардың бірі ғана сот актісін заңсыз таратуы мүмкін. Және бұл әрекетке көптеген себеп табылуы мүмкін, мәселен, өзгелерге ескерту ретінде немесе оқиғаны әжуалау үшін. Ол жағын болжамай-ақ қояйық, оданда құқықтық салдары туралы сөз қозғағанымыз жөн", — деп атап өтті заңгер. 

Черновтың айтуынша, жеке құпия болып саналатын ақпаратты таратқан адам ҚР ҚК 147-бабы бойынша жауапқа тартылуы тиіс.    

Сөзінің соңында Чернов азаматтарды мұндай деректі жарияламауға шақырды.

"Заңгер ретінде емес, қарапайым адам ретінде халықты өзгелердің құпиясын Желіде жарияламауға шақырғым келеді. Өзіңізді сол адамның орнына қойып, әрі қарайғы өмірі не болатыны туралы ойлаңыз. Сот дегеніміз цирк сахнасы емес, адамдардың тағдыры шешілетін жер", — дейді ол.

Жаңалықтар
0