АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Астана тұрғыны қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған. Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа елорда соты түсініктеме берді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде сот қаулысының фотосуреті жарияланған болатын. Аталған ақпаратқа сәйкес, елордалық салонның 36 жастағы қызметкері жігітін үй жағдайында піштіріп тастаған. Ақпаратта әйел Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша күдікке ілінгені айтылады.
"Қазір сот құжатының таралуы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, өйткені мұндай істердің актілері сот кабинетінде көрсетілмейді. Мұндай істердің қаулысы жабық болуы тиіс", — деп толықтырды соттағылар.
Белгілі болғандай, зардап шегушіге ота жасалған, дегенмен дәрігерлер пациенттің кесіп алынған органын қалпына келтіре алмаған.