АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Жалғыздықтан жабыққан шымкенттік тұрғын әуретті жерін кесіп тастаған. Оқиға 7 қараша күні кешкі сағат 17:00 шамасында болды. Өзінің осы күнге дейін ұрпақсыз жүргеніне, сонымен қатар өмірлік жарының болмағанына налыған 54 жастағы азамат осындай қадамға барыпты, деп хабарлайды TVK арнасы.
Дәрігерлердің айтуынша, оны жедел жәрдем аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген. Сөйтіп, науқасқа шұғыл ота жасалыпты. Қазіргі жағдайы қалыпты. Енді ол урология бөлімінде бірнеше күн ем қабылдайды.
"Ол өзінің ұмасын алып тастаған. Түскен кездегі жағдайы аса ауыр болатын. Дереу ота жасалды. Қазіргі жағдайы қалыпты", — дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.