Өңірлер

Ақтауда жүкті әйел қарнын кесіп, өз-өзін жарақаттады

CC0 / pixabay.com / жүктілік
жүктілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 жастағы жүкті әйел ішіп алып, өз-өзін жарақаттаған

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Ақтауда өз қарнын кескен жүкті әйел ауруханаға жеткізілді, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы. 

Түнде әйелді Маңғыстау облыстық ауруханасына ауыр хәлде жедел жәрдем жеткізді. 

Әйелге шұғыл түрде операция жасалған. 

Облыстық аурухананың жалпы және видеоэндоскопиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұқантаевтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктіліктің 17-18 аптасында екен. Қарнын кескен әйел асқазанның алдыңғы бөлігін жарақаттаған. 

Дәрігер келіншектің ауруханаға ішімдік иісімен түскенін айтты. Қазір оның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 

 

Жаңалықтар
0