АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы Астанада 2018 жылы Мұз үстіндегі спидвейден халықаралық мотоцикл федерациясы (FIM) тарапынан жекелей әлем чемпионатының 1-ші финалын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Elorda Info.
Қазақстанның астанасы алғаш рет "мұз гладиаторлары" жарысын өткізеді. Айта кету керек, Қазақстан мұз үстіндегі спидвейден жекелей әлем чемпионатының кезеңдерін өткізуде көп тәжірибе жинақтады. Атап айтқанда, соңғы үш жылда Алматыдағы "Медеу" жасанды мұз айдынында жарыс өтті.
Астанадағы Алау мұз сарайында әлемдік деңгейдегі жарыстар өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Халықаралық мотоцикл Федерациясының (FIM) арнайы комиссиясы жекелей әлем чемпионатының финалына арналған аренаны және барлық қажетті инфрақұрылымды тексерді. Халықаралық мотоцикл Федерациясы жол комиссиясының директоры дайындық деңгейі FIM ретіне сәйкес екенін және федерация өкілдері осы кезеңде қазақстандық ұйымдастырушылардың жұмысына қанағаттанғанын атап өтті.
— Астана біздің жарыстарымызды алғаш рет өткізгелі жатыр, — деп атап өтті FIM Халықаралық мотоциклдік федерациясының трассалық комиссиясының директоры Армандо Кастанья. – Айту керек, соңғы жылдары Қазақстанның астанасы ірі халықаралық іс-шараларды, соның ішінде спорттық жарыстарды өткізуде мол тәжірибе жинақтады.
Қазақстан Республикасының Автомотоспорт федерациясы Алматыдағы "Медеу" мұз айдынында біздің жарыстарымыздың үш табысты финалына ие болды және Астанадағы жарыс жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Біз Астанадағы жарыстарға дайындық дұрыс бағытта жүріп жатқанына көзіміз жетті. Стадион барлық қажетті талаптарға жауап береді.
Қазақстандық ұйымдастырушылар Астанада өтетін мұз гладиаторларының жарыстарына көрермендердің үлкен қызығушылығы болатынын айтып отыр. Өйткені бұл жарыстың футболдан немесе хоккейден кем түспейтінін айтады.
Сонымен қатар, 2018 жылы өтетін мұз үстіндегі спидвейден Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM) әлем чемпионаты бес кезеңде өткізіледі. Бірінші және ең беделді жүлделер Астана қаласында өтеді, содан кейін Ресей Федерациясы, Германия және Нидерландыда басталады. Командалық әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейдің Шадринск қаласында өтеді.
ҚР Автомотоспорт федерациясы Астана қаласының әкімдігінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және серіктестер — бас демеушісі "Лукойл" компаниясының және демеуші "AmitechAstana" ЖШС-нің қолдауымен бұл іс-шара Астана қаласының барлық көрермендері мен қонақтары үшін жарқын әрі қызықты іс-шараға айналады деп сенім артып отыр.
Билеттер Тикетонсайтында және Меломан дүкендер желісінде сатылымда бар.