АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі Пхенчханда 2018 жылы ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Абзал Әжіғалиевті ұлттық құрама туын көтеруші етіп тағайындады.
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев бір айдан соң басталатын қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығады.
Сонымен қатар, Әжіғалиев Пхенчхандағы Олимпиадада ұлттық құрама капитаны болмақ. Спортшы 500 метр қашықтыққа шорт-трек жарысына қатысады. Қазір Голландияда жаттығып жатыр.