Қоғам

Мемлекет оқытқан дәрігерлер ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін

© Photo : Рixabay/MyriamТонометр
Тонометр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта бұл мәселе әзірге талқыланып жатыр

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Өңірлердегі дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу үшін бюджет есебінен оқыған мамандарды бірнеше жыл мемлекет жіберген жерде еңбек етуге міндеттеу ұсынылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Мәжілістің жалпы отырысы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бізге ертегі айтып берген секілді" Министр Біртанов депутаттан сөз естіді
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде кадрлық ресурстарды басқару бойынша мәселенің бары жасырын емес. Мемлекеттің медициналық мамандықтарға бөліп жатқан гранты жеткілікті болғанымен, өңірлерде кадр тапшылығы бар. Өйткені тегін оқып шыққан түлектердің мемлекет алдында ешқандай міндеті болмағандықтан, олар қалада жұмыс табуға тырысады. 

"Сондықтан қазір осы мәселені талқылауға шығарып отырмыз. Бұрын болған тәжірибені қайта енгізуге болады. Яғни, мемлекет есебінен оқыған адам бірнеше жыл мемлекеттік комиссия жіберген жерде жұмыс істеуге міндеттеледі", — деді Біртанов мәжілісте өткен үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе медициналық оқу орнының түлегіне мамандығын іс жүзінде меңгеріп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0