Оқиға

Шымкентте тойхана түгі қалмай өртеніп кетті

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиӨрт сөндірушілер, архивтегі фото
Өрт сөндірушілер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт шыққан аумақтағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Шымкенттің 18-ші шағын ауданындағы тойхана өртеніп кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.  

Өрт шыққан аумақтағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Сол ғимаратқа жақын орналасқан құрылыс дүкенін де жалын шарпыған. Одан бөлек 5 дүкен мен 1 дәмхана, 1 ломбард және 1 емдеу мекемесінен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Аталған нысандар да өрт шыққан нысанға жапсарлас орналасқан.

Оңтүстік Кореяда  Мильян қаласында аурухана өртенді - Sputnik Қазақстан
Әлем
Оңтүстік Кореяда 40-тан астам науқас ауруханада өртеніп кетті
Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан тойханадағы жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды. Көмекке тағы төтенше жағдайлар қызметкерлері жетті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жақын арада өрттің себептерін жарияламақ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісовтың айтуынша, өрт "Алтын ана" тойханасының шатырынан шыққан. 

Облыстық ТЖД таратқан хабарламада: "2018 жылы 28 қаңтарда сағат 15:13-те Шымкент қаласында Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан "Алтын Ана" тойханасының төбесі және оған жапсарлас салынған бір қабатты ғимарат өртенді. Жалын ауданы 545 шаршы метрді шарпыды. Оны өшіруге төтенше жағдайлар қызметінің 76 өрт сөндірушісі мен 10 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 17:08-де толық сөндірілді", — деп жазылған.


Жаңалықтар
0