Әлем

Оңтүстік Кореяда 40-тан астам науқас ауруханада өртеніп кетті

© AP Photo / Kim Gu Yeon/Gyeongnam Domin IlboОңтүстік Кореяда Мильян қаласында аурухана өртенді
Оңтүстік Кореяда  Мильян қаласында аурухана өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Кореяда ауруханада шыққан өрттен қаза болғандардың саны 41-ге жетті

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Оңтүстік Кореяда Кёнсан-Намдо провинциясындағы Мильян қаласында Седжон патша атындағы ауруханада бүгін таңертең алапат өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Таңертең сағат сегіз кезінде бес қабатты ғимараттың 111 адам емделіп жатқан бірінші қабатында өрт шықты. Қазіргі уақытта өрттен қаза болғандардың саны 41-ге жеткен. 79 адам зардап шекті, оның тоғызы ауыр хәлде жатыр. 

Ел президенті Мун Чжэ Ин осы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. 


Жаңалықтар
0