АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті аязда бала бақшаға бармаған балалар анықтама әкелуі тиіс деген ақпаратты жоққа шығарды.
"СЭС-тен қоңырау шалып, 2 күн және одан да көп қалған балаларды анықтамасыз қабылдамаңдар деді", — деп жазылған Whats App мессенджері таралған хабарламада.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, ведомство балабақшалардағы анықтамаға қатысты ешқандай бұйрық бермеген.
"Ондай тапсырма болған жоқ, болуы да мүмкін емес. Біздің қызмет балабақшалардың ішкі тәртібіне араласпайды", — деп түсіндірді департаменттегілер.
Жексенбі күні Қазақстанның солтүстік облыстарында аяздың беті қайтты, ендің еліміздің оңтүстік және батысында температура қатты төмендеп жатыр.