Әлем

Дәрігерлер жөтеле берген қыздың өкпесінен шам алып шықты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүлдіршін шамды ойыншық смартфонмен ойнап отырып жұтып қойған болуы мүмкін

АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Үндістанда жөтеле берген қыздың өкпесінен жарық шығаратын диод табылды, деп хабарлайды New York Post.

Операция - Sputnik Қазақстан
Сәбидің денесінен 16 ине табылды – Өзбекстанда болған оқиға
Оқиға Үндістанның оңтүстік-батысындағы Чиплан қаласында болды. Ариба Хан есімді қыздың қызуы көтеріліп, үнемі жөтеле берген. Қызының денсаулығына алаңдаған әкесі оны ауруханаға апарады. Балаға не болғанын дәрігерлер де түсіне алмай, рентгенге жібереді. Қыздың оң жақ өкпесінен ұзындығы екі жарым сантиметрлік жарық шығаратын диод табылған. Науқасқа дереу ота жасалды. 

Ханның ата-анасы балаларының шамды ойыншық смартфонмен ойнаған кезде жұтып қойған болуы мүмкін деп отыр. 

Қызға ота жасаған Дивья Прабхат дәрігерлік қызметінде өкпеге «жасырынған» шамды алғаш рет көріп отырғанын айтты.


Жаңалықтар
0