Қоғам

Бүгін еліміздің сегіз өңірінде қатты аяз болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс мезгілі, архивтегі сурет
Қыс мезгілі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында қатты аяз болады деп болжап отыр

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның ауа райын бүгін де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады – 18-23, екпіні 30 м/с-тен асады. 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

 Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысында өте қатты аяз, Жамбыл облысында қатты аяз, кей жерлерде өте қатты аяз, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.  

 

Жаңалықтар
0