АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясы қазақстандық спортшылардың 19 жолдамасын бекітті, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі.
Қазақстанның шаңғы жарысынан жеті лицензиясы бар: ерлерде екеу, әйелдерде екеу, тағы үш жолдаманы бапкерлер штабы бөлетін болады.
Тау шаңғысы спорты бойынша қазақстандықтар екі жолдама ұтты — ерлер біреу, әйелдер біреу.
Трамплиннен секіру бойынша ерлерге бір лицензия берілді.
Фристайл-могул бойынша үш адамның лицензиясы бекітілді — екі ер адам және бір әйел адам. Кейінірек тағы бір олимпиада жолдамасының берілгені анықталды.
Фристайл-акробатика бойынша бес лицензия бар – ерлерде біреу, әйелдерде төртеу.