Саясат

Назарбаев Қазақстанның Пәкістандағы елшісін тағайындады

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағайындалған елші бұған дейін БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілінің бірінші орынбасары қызметін атқарған

АСТАНА, 25 янв — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Пәкістандағы елшісін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Париж - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жан Ғалиев Қазақстанның Франциядағы елшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұрынғы елші Бақытбек Шабарбаев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.  

Қазақстан СІМ ресми сайтының мәліметінше, Садықов бұған дейін БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілінің бірінші орынбасары, сондай-ақ ерекші тапсырмалар жөніндегі елші қызметін атқарған.   


Жаңалықтар
0