Саясат

Жан Ғалиев Қазақстанның Франциядағы елшісі болып тағайындалды

Жазылу
Қазақстанның Франциядағы елшісі ауысты

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Қазақстанның Францияда жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарланған Ақорданың сайтында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Жан Ғалиевтің Қазақстанның Франциядағы елшісінің кеңесшісі болғаны белгілі. 

Осыған дейін Парижде Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов болған еді. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Франциядағы,  Португалиядағы және Монакодағы елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды


Жаңалықтар
0