Қоғам

"Қазақфильмнің" тағдыры не болмақ? Мұхамедиұлы киностудияны жекешелендіруге қатысты пікір білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникацийАрыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов "Қазақфильм" киностудиясын жекешелендірілетін нысандар тізімінен алып тастауды сұраған болатын

АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. ҚР мәдениет  және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақфильм" киностудиясын жекешелендіруге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Кеше мәжілістің жалпы отырысында депутат Қуаныш Сұлтанов "Қазақфильм" киностудиясын жекешелендіруге қарсы шығып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сауал хат жолдаған еді. "Қазақфильм" жекеменшіктің қолына өтсе, еліміз отандық киносынан айырылады, деп алаңдайды мәжілісмен. Бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осыған қатысты пікірін білдірді.  

"Қуаныш Сұлтанов мырзаға өте өзекті мәселені көтергені үшін зор алғыс айтамын. Біз де бірегей нысанның мемлекет иелігінде қалғанын қалаймыз. Себебі "Қазақфильм" – біздің тарихымыз, келешігіміз", — дейді министр. 

Мұхамедиұлының айтуынша, "Қазақфильм" жекешелендірілетін нысандар тізіміне осыдан 4-5 жыл бұрын енгізілген. Алайда осы күнге дейін киностудияны сатып алушылар табылмаған.

Томирис рөліне киносынама - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Депутаттар Сағынтаевтан "Қазақфильм" киностудиясын сатпауды сұрады

"Акцияның тек 49 пайызы сатылымға қойылып отыр, қалған 51 пайызы мемлекет еншісінде қалады. Нысанды сатуға шығарудың заңдылықтары бар. Мәселен, бір инвестор "Қазақфильмді" сатып алса, ол қазақ киносын дамыту жұмысын жалғастыруы тиіс. Оған осындай шарт қойылады", — деген ведомство басшысы сатып алушы қазақстандық немесе шетелдік болуы тиіс деген шектеулер жоқ екенін атап өтті. 

Ал нысан құнын, Мұхамедиұлының айтуынша, қаржы министрлігінің жанындағы тәуелсіз комиссия анықтайды.

Жаңалықтар
0