Өңірлер

"Желілер қағаз сияқты". Жайымбетов теміртаулықтар неге тоңып жатқанын түсіндірді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖылу
Жылу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теміртауда сумен жабдықтау және су бұру желілері әбден тозған

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Теміртаудағы пәтерлер неге суық екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сабақта отырған оқушылар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында оқушылар мектепте тоңып отыр
"Шынымен де, Теміртауда жылу желілерінің тозу деңгейі өте үлкен. Су бұру желілері тозып-ескірген өңірлерді атасам: Павлодар облысында – 85 пайыз, Алматы облысында –75 пайыз, Қарағанды облысында – 80 пайыз. Теміртауда да бұл көрсеткіш өте жоғары.  Бұл нені көрсетеді? Желілердің әбден тозығы жеткен, қағаз сияқты. Оларды ауыстырып, жаңарту үшін қаражат бөлу керек", — деді ол. 

Жайымбетов Теміртауда бұзылған қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Облыс әкімдігінің ақпаратынша, жылу желілері қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 

"Үш жыл ішінде Қазақстан бойынша барлығы 237 миллиард теңге бөлінді – бұл өте үлкен жұмыс. Бүгінде қақаған аязда, мәселен Астанада жылумен қамту жүйесінің кідіріссіз жұмыс істеп тұруы – бұл да атқарылған жұмыстың нәтижесі, бұған қыруар қаржы бөлінген", — деді ол. 

Жылу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің тұрғындары қыста тоңып жатыр
Комитет төрағасының айтуынша, өткен жылы республика бойынша желілердің тозуы 63 пайыздан 60 пайызға дейін төмендеген. Ал биыл бұл көрсеткішті тағы 3 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. 2018 жылы 800 шақырым жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып, қайта қалпына келтірілмек. 

Айта кетсек, таяуда Теміртауда екі қазандық істен шығып, пәтерлерде ауа температурасы 12 градусқа дейін (қалыпты температура – 21 градус) төмендеген еді. Қала тұрғындары қыс ортасында үйлерінде тоңып отырғанын айтып шағымданды.

Жаңалықтар
0