Өңірлер

Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің тұрғындары қыста тоңып жатыр

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖылу
Жылу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коммуналдық қызмет өкілдері жылыту жүйесінде қандай ақау барын білмейді

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер орналасқан шағын аудан тұрғындары пәтерлердің суықтығына шағымданды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Көмір - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда көмір тасушыларға бағаны келісіп сатты деген айып тағылды

Пәтер иелерінің айтуынша, қыс мезгілінде үйдің жылыту жүйесі дұрыс істемейді екен. Қалада ауа райы күрт суытып кетті, түнде тіпті 30 градус аязға дейін температура төмендейді, ал пәтердегі ауа температурасы он үштен аспайды.

Кей тұрғындар пәтердің суығынан ас үйге түнеп, сәл де болсын жылыну үшін газ қосуға мәжбүр.

Шағын аудандағы көпқабатты үш үйдің тұрғындары тоңып отыр. Коммуналдық қызмет жылыту жүйесінде қандай ақау барын анықтап айта алмайды.

Жергілікті әкімдіктің пайымдауынша, үйдің суықтығына адамдардың өзі кінәлі. Пәтерлерді аралап шыққан шенеуніктер тұрғындарға жедел түрде жөндеу жүргізу қажеттігін айтты, сонда ғана үйлері жылынады.


Жаңалықтар
0