АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) Сот комиссиясы Илья Ильинге қарсы тәртіптік шара қолдану жұмыстарын аяқтап, спортшы допингке қарсы ережені екі рет бұзғанына қарамастан неліктен өмір бойына спорттан шеттетілмегенін түсіндірді.
Ұйымның сайтында IWF Дүниежүзідік допингке қарсы кодекске сәйкес барынша қатаң жаза қолданылғаны аталып өткен.
Осылайша Ильин барынша ұзақ мерзімге – заң бұзушылық анықталған сәттен, атап айтқанда, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап спорттан шеттетілді. Ол енді 2018 жылдың 19 қазанынан кейін ғана жарыстарға қатыса алады.
Бұған дейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин құрама спорттан шеттету мерзімін 12 айдан сегіз айға дейін қысқарта алатынын хабарлаған болатын, өйткені ұлттық федерация IWF талаптарының 90%-ға жуығын орындаған. Яғни, Ильин 2018 жылдың маусымынан бастап жарыстарға қатысуы мүмкін.
Айта кетсек, Илья Ильин – үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы, 94 келі салмаққа дейінгі Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.