Қоғам

Қазақстанда учаскелік инспекторлар планшетпен қамтамасыз етіледі

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаПланшет ұстаған полицей
Планшет ұстаған полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы құны – 2,7 млрд теңге

АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. ҚР ішкі істер министрлігі әр учаскелік инспекторды жеке планшеттік компьютермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанадағы алғашқы Қазпошта цифрлық кеңсесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Цифрлы Қазақстанда өмір сүру оңай емес

Аталған жоба "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, планшет арқылы учаскелік инспекторлар ІІМ-нің орталықтандырылған ақпараттық базаларына кіре алады.

"Мәселен, заң бұзушылықтың жолын кесу кезінде учаскелік инспектор ешқайда бармай-ақ заң бұзған азаматтың есепте тұрған-тұрмағанын тексеріп, әкімшілік өндірістегі істі электронды түрде рәсімдей алады. Мәліметтер базасында қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске туралы мағлұматтар үнемі жаңартылып отырады", — деп мәлімдеді Қасымов үкімет отырысында. 

Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін интернет-алаң құру жоспарланып отыр. Онда азаматтар учаскелік инспекторға онлайн режимде жүгіне алады, бұған қоса, өз өтінішінің статусын бақылап, заң бұзушылықтар туралы хабарлап, ұсыныстарын енгізе алады. 

Министрдің айтуынша, аталған жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0