Қоғам

Назарбаев: Цифрлы Қазақстанда өмір сүру оңай емес

© Photo : пресс-служба АО "Казпочта"Астанадағы алғашқы "Қазпошта" цифрлық кеңсесі
Астанадағы алғашқы Қазпошта цифрлық кеңсесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының мән-маңызына тоқталды

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Цифрландыру бір жағынан прогресс, екінші жағынан ешнәрсені жасырып қала алмайсың, өмір сүру оңай емес. Бәрі ашық болуы керек. Бұл туралы отандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, дп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдерінің бірі Елбасыдан мемлекеттің "Цифрлы Қазақстан" аясында трансформацияға қаншалықты дайын екенін сұрады.

интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы "Цифрлық Қазақстан" үшін кадрлар әзірлеуді тапсырды

"Шынымен бұл өте көкейтесті мәселе. Біз кезінде нарықтық экономиканы да түсінген жоқпыз ғой, инфляция, девальвация, кредит дегеннің не екенін білмедік. Кеңестік кезеңде ондай болған жоқ қой. Уақыт өте мұны да ұғынып, түсіндік.  Енді цифрландыруға көшкелі отырмыз. Мен өткен жылы үшінші жаңғыру туралы айтқан едім, ал қазір индустрияландыру 4.0. Индустрияландыру 4.0 – бұл бүгінгі бренд, біз ілесіп жүруге тиіс жаңа бағыт. Мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Азаматтарға қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бізде электронды үкімет бар, халыққа қызмет көрсету орталықтары бар. Оның көмегімен азаматтар шенеуніктермен бетпе-бет жүздеспей-ақ, өзіне қажетті ақпарат алады. Мәселен,  дрондар. Ауыл шаруашылығында қай жерде егін жақсы өсіп-өспейтінін көрсетеді, тиісті ақпарат береді. Мұның бәрі Цифрлы Қазақстанның элементтері", — деді Елбасы. 

Президенттің айтуынша, барлық саланы цифрландыру сыбайлас жемқорлықпен күресудің бір жолы екенін атап өтті.

"Бұл бір жағынан прогресс, екінші жағынан өмір сүру оңай емес. Бәрі ашық болады. Ақпараттық Қазақстан өте маңызды. Сондықтан мен арнайы вице-премьерді тағайындадым. Оның негізі білімі ІТ технологиялармен байласнысты. Ақпарат министрлігі бар, қазір олар бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр", — деді Назарбаев. 

"Мәселен, қазір дербес компьютерлер керек емес, бәрі айфонда, планшетте немесе сағатта. Менің немерелерім оларды керемет біледі, ал маған үйрену керек", — деп күлді президент.

Жаңалықтар
0