Оқиға

Астана-Бурабай тас жолында патрульдік көлік апатқа ұшырады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуПатурльдік полиция
Патурльдік полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында көктайғақ салдарынан жеңіл көлік пен патрульдік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астана мен алты облыста аязға байланысты қозғалыс шектелді

21 қаңтарда сағат 17:00 кезінде көлік иесі құқық қорғау органдарына хабарлағандай, Көкшетауға кетіп бара жатып, Шортанды ауданындағы Астана-Бурабай тас жолында қоршауға соғылып қалған. Оқиға орнына сол учаскеде кезекшілік еткен патрульдік көлік барады.

ІІД хабарлағандай, автопатруль жолдың оң жақ шетіне келіп тоқтапты. Сол кезде көктайғақ пен ақтүтек боран салдарынан Skoda Rapid жүргізушісі үйілген қарға соғылып, рөлге ие бола алмай патрульдік көлікті қағып кетеді. Салдарынан 38 жастағы Skoda жолаушысы зардап шегіп, Шортанды ауруханасында көз жұмған.

Жаңалықтар
0