Өңірлер

Астана мен алты облыста аязға байланысты қозғалыс шектелді

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"Жол
Жол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дизельмен жүретін және қоғамдық көліктерге жолға шығуға тыйым салынды

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалыс шектелді, деп хабарлайды "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметі.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің басым бөлігінде күн аяз әрі жауын-шашынсыз болады

Ауа райы қолайсыздығы мен қатты аяз салдарынан қозғалыс шектелді:

Астанада – дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін барлық бағытта;

Ақмола облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;

Шығыс Қазақстан облысында – Семейден Павлодар облысына дейінгі аралықта (577-733 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;

Қарағанды облысында – Теміртаудан Ақмола облысына дейінгі аралықта (1353-1424 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;

Қостанай облысында – Қостанай-Әулиекөл-Челгаши тас жолынан Ақмола облысына дейін (3-232 км), Қостанай-Сарыкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (555-729 км), Қостанай-Ұзынкөл тас жолынан СҚО-ға дейін (180-404 км) дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;

Павлодар облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін;

Солтүстік Қазақстан облысында — дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер үшін.

Жаңалықтар
0