Оқиға

Ауғанстанда содырлар шабуылы кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

© AP Photo / Rahmat GulIntercontinental Hotel
Intercontinental Hotel - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаруланған содырлар сенбі күні кешкісін Intercontinental Hotel қонақ үйіне басып кіріп, шабуыл салдарынан 43 адам қаза тапты

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Ауғанстан астанасы Кабулда содырлардың шабуылы кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстан азаматы Нью-Йоркте қаза тапты

"Кабулда Intercontinental қонақ үйіне содырлар шабуылдап, салдарынан 1978 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтамыз", — деп жазды Жайнақов Facebook парақшасына.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Ауғанстанның қауіпсіздік қызметтері және сыртқы істер министрлігімен байланыста отыр. Жақын арада қаза тапқан ер адамның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі шешілмек. 

Сенбі күні кешкісін қаруланған содырлар Intercontinental Hotel қонақ үйіне басып кірді. БАҚ мәліметінше, 18 сағаттай созылған шабуыл салдарынан кем дегенде 43 адам ажал құшқан. 126 адам құтқарылды, оның 41-і шетелдіктер.

Жаңалықтар
0