АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық қыз Нью-Йоркте қаза тапты, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі. 28 жастағы қыздың қалай көз жұмғаны туралы ақпарат жоқ.
"Еліміздің азаматы қаза тапқаны туралы мәліметті растаймыз. Қазір Нью-Йорктегі дипломаттар мәйітті Қазақстанға жеткізу үшін туған-туыстарына жәрдемдесіп жатыр", — деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі берген мәліметке сүйенсек, қыз жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.