Өңірлер

Бұрқасын, жел, тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуқыс
қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше облысында тұман түсіп, жел күшейіп, бұрқасындатады

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың батысында, солтүстік батысында  және  солтүстігінде кей жерлерде  жауын-шашын түседі, деп  хабарлайды синоптиктер. 

Школьник идет по заснеженной улице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

Кей жерлерде тұман сақталады, батыста, оңтүстік және оңтүстік шығыста жел күшейіп, батыста бұрқасындатады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман сақталады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с-қа дейін күшейеді. 

Ақтөбе, Атырау облыстарында бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Ақтөбе облысында тұман түседі.  

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп болжанған.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман сақталады. 


Жаңалықтар
0