Өңірлер

Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуШкольник идет по заснеженной улице, архивное фото
Школьник идет по заснеженной улице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты аязға байланысты елімізде дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Еліміздің алты облысы мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің хабарлауынша, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы —35-40°С-қа дейін жетеді.

24-26 қаңтарда өте қатты аяз —45°С болады, күндіз —27-32°С, кей жерлерде —35°С-қа дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. 

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз болады, түнде —33-38°С, күндіз —20-25°С аяз болжанған.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында түнде —35-40°С, күндіз —27-32°С аяз болады. 

 

Жаңалықтар
0